РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған байқауға Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылындағы №37 орта мектеп оқушысы Темірлан Мүсілімов қатысып, жүлделі ІІІ-орынды иеленді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
"Көркем сөз" номинациясы бойынша жеңімпаз атанған мектеп оқушысы арнайы дипломмен, естелік сыйлықпен марапатталды. Болашағынан көп үміт күттіретін жалынды жасты байқауға ұстазы Мәрияш Аусынбаева дайындаған.
