ҚҰНДЫЛЫҚТЫ САҚТАУҒА ҮНДЕГЕН ҚОЙЫЛЫМ

Бала бойына жастайынан ізгілік, имандылық, отансүйгіштік, қайырымдылық, кішіпейілділік, адалдық секілді қасиеттерді сіңіру мен тәрбиелеуде отбасы маңызды рөл атқарады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланы балабақшадан бастап тұлға ретінде қалыптастыруға, мектеп қабырғасында тілімізді, мәдениетімізді қастерлеуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге баулуымыз қажет. Сонда ғана теріс пиғылды діни ағымдарға бөгет қоя аламыз. Спектакльдің басты тақырыбы діни ағымдар жайлы болғандықтан облысымыздың орталық мешіттерінен имамдар келіп, арнайы тамашалады.
Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген спектакль жоғары деңгейде сахналанды. Спектакльдің режиссері Ақтөре Оразалы болса, басты рөлдерді Асқар Оразалиев, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерінің иегерлері Нұрлыбек Шналиев пен Зәуре Көздібаева сәтті сомдап шықты.
Балтай ЖӘРДЕСҚЫЗЫ