ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ САЛАУАТТЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қоғамды жаңғырту бастамасы аясындағы спорттық шараға Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен ресейлік жастардан жасақталған командалар қатысты. Стол теннисі, гір тасын көтеру, шахмат, эстафеталық сайыс жəне арқан тартыстан өткен сайыста "Қызылорда жастары" құрамасы 1 орынды, "Байқоңыр жастары" командасы екінші орынды иеленді. Ал үшінші орынға Байқоңыр қаласының еріктілерінен құралған "Жалынды жастар" командасы шықты.
Спартакиада соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен жəне арнайы диплом, алғыс хаттармен марапатталды.