ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ГИМНАСТШЫЛАР ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

Жарыс нәтижесінде облысымыздың гимнастшы қыздары жақсы өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді. Жекелей сында Айша Сұлтан, Зере Әбдіқабыл, Айна Ақпанбет, Дана Садықова, Аружан Құрмантай және Диана Қанатбек жеңімпаз атанды.
2005-2006 жылдары туылған қыздар арасында топтық жарыста Құралай Сапар, Салтанат Сейтмұхан, Ақбота Өтеген, Әсел Марат, Ақмейір Пазылбекқызы бірінші орынды иеленді.
Ал 2010 жылы туғандар арасындағы топтық жарыста Зере Әбдіқабыл, Айна Ақпанбет, Кәусар Сейілбек, Ақерке Елеусінова және Айша Иса чемпионат жеңімпаздары атанды.