СТУДЕНТТЕР ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД МҰРАЖАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Тақырыптық стендтер арқылы егжей-тегжейлі ақпарат алуға болады. Макеттерден оқушылар Қызылорда қаласының белгілі жерлерін және нысандарын көрді. Мұражайда әрбір адам өзін құтқарушы сезінуі мүмкін, өрт сөндірушінің бас киімі немесе өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін көруге болады. Мұражайдың екі залында қонақтарға өртке қарсы қызметтің тарихы туралы, отпен алысқан жауынгерлер, дабыл және өрт сөндіру автоматтары туралы айтылды.
Мұражайдың экспонаттарымен танысып, түрлі төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысқан ардагерлер мен батырларға арналған стендтерді көрді. Студенттер музейдің меңгерушісіне көкейдегі сұрақтарын қойды және оған ол оңай жауап берді.
Келесі эскурсия республика бойынша «Үздік өрт сөндіру бөлімі» жарыстарында жүлделі орындарды иеленіп жүрген Қызылорда қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінде жалғасады деп жоспарланды. Онда студенттер жауынгерлік касканы немесе жауынгерлік киімді киіп көріп, өздерін нағыз өрт сөндіруші сезінетін болады.
Халыққа хабар беру және
оқыту тобының бас маманы
азаматтық қорғау лейтенанты А. Сапаргалиев
