ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ

Салтанатты іс-шарада Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың мерекелік құттықтау хаты оқылды. Департамент бастығының орынбасары, әділет майоры Т.Тұрсынбаев құттықтау лебізін жеткізіп, әр азамат тәуелсіздік құндылықтарын қастерлеп, қоғамдағы рухани жаңғыру бастамаларына үлес қосу қажеттігін жеткізді.
Осы айтулы күні қызметтегі жақсы жетістіктері үшін ҚАЖ департаменті және мекеме қызметкерлері Қазақстан Ішкі істер министрінің және ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен Алғыс хаттармен марапатталды. ҚАЖ департаменті ЗК-169/4 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі А.Раисов «Құқықтық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалін иеленді.
Шара соңында қызметкерлерге Тәуелсіздік туралы деректі фильм көрсетілді.
Дана ДОСТАНОВА