ҚАРМАҚШЫДА «КИЕЛІ ЖЕРЛЕР ГЕОГРАФИЯСЫ» ЖОБАСЫНА 5 НЫСАН ЕНГІЗІЛДІ
Қармақшы ауданында рухани жаңғыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласындағы көзделген мақсаттарды жүзеге асыру аясындағы "Киелі жерлер географиясы" жобасына аудандағы ежелгі Шірік-Рабат қалашығы, Қорқыт Ата кешені, Ежелгі Бәбіш мола қалашығы, Марал ишан мазары, Қалқай ишан кесенесі енгізілді.
Осы жылы аудан аумағындағы Шірік-Рабат және Сортөбе қалашықтарына археологиялық зерттеу жұмыстары үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.