ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ КҮН КҮРКІРЕП, ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейіп, республиканың оңтүстігі мен батысында күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BNews.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, таңертең және күндіз Қостанай облыстарында 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақмола облысында 15-20 м/с дейін жел күшейіп, тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды облысында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғып, бұршақ жауады деген болжам бар.
Шығыс Қазақстан облысында да жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз және кешке 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-батыс және орталық бөлігінде өртке қауіпті жағдай сақталады.