ОҚУШЫЛАР БАЙҚАУДА ОЗЫП ШЫҚТЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында білім мен ғылымды қолдайтын республикалық «Шамшырақ» орталығы «Заманауи білім беру тенденциялары, болашаққа көзқарас" тақырыбы аясында "Жас ғалым-2017" атты ғылыми жобалар байқауын өткізді.
Республикалық байқауға Белкөл кентіндегі №189 орта мектебінің 4 А сынып оқушылары Бағдат Омаров пен Сымбат Тұрсынова қатысып, бақтарын сынады. Оның нәтижесінде Бағдат Омаров екінші, ал Сымбат Тұрсынова үшінші орын жүлдесін иеленді.
Қос оқушының ғылыми жетекшісі Шырын Бекмағамбетоваға Алғыс хат табыс етілді.
Сондай ақ оқушылардың ғылыми жұмыстары байқаудың ең үздік жұмыстары жинағына еніп отыр.