АЗАТ ЕЛДІҢ ТАҢЫ АРАЙЛЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы білім мен тәрбиедегі жаңа бағыттар аясында қалалық білім бөлімі №50 «Жұлдыз» балабақшасында «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара өткізді.
Шара барысында балабақша тәрбиешілері мен балабақша бүлдіршіндері өнерлерін көрсетіп, көрмелер ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, түрлі топтарда «Тәуелсіздік – тұғырым!», «Күн дидарлы Қазақстан!» тақырыптарында оқу өтіп, онда балалар мерекеге арнап тақпақ оқыды.
Байқауда балабақша бүлдіршіндері «Қазақстан», «Тәуелсіздік таңы», «Отан» тақырыптарында көркемсөз оқып, «Қазақстаным!», «Туған ел» және «Әрқашан күн сөнбесін!» атты әндер шырқады.
Байқау соңында қатысушылар дипломдармен марапатталды