ЖАСТАР ПАТРИОТТЫҚ ӘН ШЫРҚАДЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың конференц-залында «Қазақстан – асқақ әнім!» атты патриоттық ән кеші болып өтті. Ел азаттығына арналған шараның мақсаты - жастарды елжандылыққа тәрбиелеп, олардың бойыннда отансүйгіштік қасиетін қалыптастыруға үлес қосу, мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге үндеу болды.
Кеш барысында «Өркениет» медициналық колледжі мен «Ұлағат» көпсалалы колледжі студенттері белгілі композиторлардың патриоттық рухта жазылған әндерін шырқады. Туған еліне деген риясыз сезімдерін «Қазақ елі», "Атамекен", "Мен – қазақпын!", "Туған жер", "Алға, қазақ жігіттері!", "Қазақстан", "Елім менің", "Отаным", "Көк тудың желбірегені" сияқты әндерді орындау арқылы жеткізді.
Кітапхананың жас мамандары шара қатысушыларына арнап егемен еліміздің мерейін жырлаған Қалқаман Сарин, Бауыржан Жақып, Марфуға Айтхожина сынды қазақтың белгілі ақындарының өлеңдерін оқыды.
Сахна төріне қойылған экран арқылы тақырыпқа сай дайындалған слайд көрсетілді. .