ЖАҢҒЫРУ – ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Арал ауданы Бекбауыл елді мекеніндегі №65 орта мектепте тəуелсіздік мерекесіне арналған кеш өтті.
Тоғызыншы сынып жетекшісі Гүлсая Есқұлова мен "Өнер күні" жобасы мүшелері ұйымдастырған кеште мектеп директоры Жұмабай Мирманов Жұмабай қатысушыларды еліміздің айтулы мерекесімен құттықтай отырып, мерекенің тарихи маңызына тоқталды, Елбасының идеясымен қолға алынған рухани жаңғыру бастамаларына білім саласының қосар үлесі мол екендігін айтып өтті.
Шəкірттер шырқаған əсем əн, күмбірлеген күй, мың бұралған би мен жалынды жырлар мереке көрігін қыздыра түсті. Сонымен қатар мерекеге орай қабырға газеттері шығарылды.