РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - "НҰР ОТАН"ПАРТИЯСЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АЛАҢЫ
Қызылорда қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалында Тәуелсіздік күні арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Оған партияның белсенді мүшелері мен ардагерлері қатысты№
Алғы сөзді құттықтаудан бастаған қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Шарип Абдрахманов тәуелсіздігіміздің тұғырлы болғанын тіледі. Салтанатты жиын барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын жобалардың атқарылу барысы жайлы айтылды. Бұл реттепартияның азаматтық қоғам мен мемлекеттің стратегиялық идеялар мен жасампаз саясаты арасындағы тиімді жолсерік екендігі сөзсіз. Бұл туралы Н.Назарбаев партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы «Нұр Отан» партиясының ағымдағы идеологиялық жұмыстарының алаңы болмақ», деген болатын.
Мерекелік шара барысында тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның өсіп-өркендеуі барысында атқарылған келелі істерді саралап, осы бағыттағы Елбасының ерен еңбектері жайында сөз өрбітті.
Жиын соңында партияның бірқатар белсенді мүшелері Алғыс хаттармен марапатталды.