ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеңес отырысын Қоғамдық кеңестің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев алғы сөзбен ашты. Одан соң Кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Марат Қобландиев «Департаменттегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада: «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Департаментте іс-шаралар өткізу жалғасын табуда. Департаменттің және оған бағынысты мекемелердің жеке құрамына тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша заңдылықтарды оқыту, Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері, прокуратура, салық органы, Мемлекеттік қызмет істері бойынша департаменті, «Нұр Отан» партиясының, кәсіпкерлер және қоғамдық институт өкілдерінің қатыстырылуымен «дөңгелек үстелдер» ұдайы ұйымдастырылуда....» ,-деді.
Сонымен бірге «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің Кадр жұмысы тобының бас инспекторы Сара Жақановаға сөз кезегі беріліп, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде жұмыстарға тоқталды.
Мұнан соң Қызылорда кәсіпкерлік ассоциациясының атқарушы директоры Мырзағали Ермаханов баяндамашыларға сұрақтар қойып, алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында жұмысты жалғастыру туралы өз пікірін білдірді.
Қоғамдық кеңес отырысына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де шақырылды.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы