ТӘУЕЛСІЗДІК – ТӘУ ЕТЕР ТҰМАРЫМ
Бүгін Шиелі аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ел тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік тәу етер тұмарым» атты салтанатты кеш өтті.
Салтанатты кеште аудан әкімі Ә.Оразбекұлы аудан халқын Тәуелсіздіктің 26 жылдығымен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқантүрлі сала өкілдерін марапаттады.
Аудан басшысы қоғамда Елбасы бастамасымен қолға алынып жатқан жаңғыру бағытындағы шараларға да тоқталып, рухани дамуға бет бұрған елдің ертеңі жайлы да пайымды пікір білдірді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев аудан халқын ұлық мерекесімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.
Шара соңы мерекелік концертке ұласты.