ЕЛГЕ ЖАНАШЫР АЗАМАТТАР КӨП

Ол басқаратын серіктестік бүгінде 250 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Туған жерін түлетуге үлес қосып жүрген кәсіпкер ресейлік іскерлермен бірлесіп, Ресейдің Ульяновск облысында балық өңдеу зауытын салды.
Осының арқасында аясын кеңейткен өндіріс орнының өнімдері Мәскеу мен Санкт-Петербургтің ірі сауда орындарында сатылуда.
Ел жағдайын үнемі назарда ұстайтын кәсіп иесі «Туған жерге тағзым» акциясы аясындағы жобаларға да қаржы бөліп отыр.