ДАРИЯ ДЕҢГЕЙІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Осыған байланысты ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы ресми хатына сәйкес, «Шардара» су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына жіберілетін су көлемін секундына 1 000 текшеметрден асырмау көзделуде. Кеше Шардара су қоймасынан дарияға осынша көлемде су жіберілді.
Сырдария өзенінің төменгі ағысында мұз қатуына байланысты Шардара су қоймасынан жіберілген судың 400 текшеметрін «Көксарай» су реттегіші қабылдайтын болды. Осылайша Су ресурстары комитеті өзеннің төменгі ағысына жіберілетін суды 600 м3/сек көлемде ұстап тұруды межелеп отыр.
Осыған байланысты бүгіннен бастап «Көксарайға» секундына 400 текшеметр су жіберіле бастады.
Сонымен қатар, облыс аумағына мол су келген жағдайда «Қазсушар» РМК тарапынан каналдарға су жіберу кестесі әзірленді.
Жалпы Сырдария дария бойындағы жағдай қатаң бақылауға алынды.
Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы