ҰСТАЗДАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ ЛАЙЫҚТЫ БАҒАЛАНДЫ

Мереке қарсаңында ұйымдастырылған конкурста қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлайым Байназар «Үйірме жұмыстарын үйлестіруде әлеуметтік серіктестікті дамыту жолдары» тақырыбындағы жұмысы үшін I орын иеленді.
Лицейдегі үйірме жұмыстарының жүргізілуі, өндіріс орындарымен тығыз байланысы қатысушылардың ерекше қызығушылығын туғызғанын айта кетейік.
Сонымен қатар, сайыста физика пәнінің мұғалімі Майра Мантенова да «Физика пәнінен теориялық сұрақ-жауап» тақырыбындағы жұмысы үшін II орын жүлдесін алды.

