«ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

Жиында мектептің белсенді 100 оқушысы мойындарына туымыз түстес көк галстук тағып, "Жас Ұлан" қатарына салтанатты түрде қабылданды. Бастауыш сыныптар оқушыларынан жасақталған үздіктер шеруінен кейін, оқу озаттары мен түрлі өнер байқаулары мен республикалық, облыстық, аудандық пəн олимпиада жеңімпаздары марапатталды.
Мектеп басшылары мен тəжірибелі ұстаздар ұландарды шын жүректен құттықтап, зор жетістіктер тілеп, ізгі лебіздерін білдірді.
