МƏҢГІЛІК ЕЛДІҢ - БАҚЫТТЫ ҰРПАҒЫМЫЗ

Шараға жас мамандар, белсенді жастар, "Нұр Отан" партиясы Байқоңыр қалалық филиалы өкілдері қатысты. Қала мектептерінен қатысқан жас мамандар А.Есенгелдинова,, С.Әлімбаев, Б.Кенжалиева мен Ш.Құрмаш, академик Жиенқұлов атындағы Байқоңыр қалалық колледжінің белсенді студенті Н.Тұрсынбай, облыстық "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" Байқоңыр қалалық бөлімшесінің маманы Н.Күнмырза тақырыпқа орай баяндама жасап, рухани жаңғыруға жастардың қосар үлес жайлы айтып өтті.
Конференция барысында тимбилдингтік ойындар өткізіліп, белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.