ҚАРТҚА ҚҰРМЕТ – ЖАСҚА МІНДЕТ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының өзегі ұлттық кодты сақтай отырып, жаңа заманға сай жаңғыру. Осы ретте, бұрыннан бар озық дәстүрімізді жоғалтпай, ұлт генефонын сақтаудың басты қағидасына айналдырғанымыз ләзім. Осы мақсатты «ҚазҒарышСапары» ғимаратының мәжіліс залында өткен салтанат қазақтағы кішінің үлкенге деген құрметін тағы бір көрсетті.
Байқоңыр қалалық «Қоғамдық келісім» кеңесінің белсенді мүшесі, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалының төрағасы Т. Алмақановтың 75-жылдық мерейтойы ұлтымыздың игі дәстүрін көрсеткен әсерлі шара болды.
Кешті қалалық Аналар кеңесінің белсенді мүшесі, Қызылорда облысының Азаматтық Альянс Қауымдастығы Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай елді мекендерінде ҮЕҰ-ды дамытудың ақпараттық-ресурстық орталығының жетекшісі Балапан Қалиянова жүргізді. Шарада ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары Мырзабек Демесінов басқарма басшысының атынан ардагерге құттықтау хат табыстады.
Қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Қарлыға Құрманбаева мерейтой иесіне лебіз арнап, құрмсет көрсетті.
Кеш соңында Төретам кентіндегі «Ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н. Арықовтың ақ бата берді.