ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

Осындай шара Шиелі ауданында да өткізілді. «Туған жерге тағзым – перзенттік парызым» атты акцияға академик Асқар Жұмаділдаев, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының төрайымы, ақын, жазушы Қаршыға Есімсейітова, белгілі кәсіпкер Бегман Қауасұлы, айтыскер ақын Мейірбек Сұлтанхан қатысты.
Шараға қатысқан кәсіпкер азаматтар туған ауылын түлетуге үлес қосатынын айтып, аудан, кент және ауылдық округ әкімдерімен меморандумға отырды.
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы «Туған жерге - тағзым» акциясын барынша қолдап, туған топырағына қамқорлық танытып, қайырымдылық көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.

