МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталған танымдық кеште «Тәуелсіздікке жол ашқан – Желтоқсан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, экономикалық дамумен қатар рухани жаңғыруға бет бұрған ел жетістіктері жайлы айтылды. Қоғамдағы жаңғыру бастамаларының маңызы сөз болды.
Сонымен бірге, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының жетістіктері туралы слайд көрсетілді.
Шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, егемен елдің даму белестері жөнінде мысалдар келтірді.
