СЫР БАЛУАНДАРЫ 17 МЕДАЛЬ АЛДЫ

Биыл 12-ші мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі турнирге еліміздің әр облысынан, Қырғызстан Республикасынан жиналған 200-ден аса балуан 9 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасты.
Елбасы бастамасы аясында ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін қазақ күресін облыс көлемінде дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеуге көздеген сайыста Қызылорда облысының спортшылары 17 жүлде (7 алтын, 5 күміс, 5 қола) жеңіп алды.
Турнирде 38 келі салмақ дәрежесінде А.Өмірәлі (Қызылорда), 42 келіде Ғабит Темірбай (Қызылорда), Т.Қуантаев (Қызылорда, 46 келі), М.Шералиев (Қызылорда, 51 келі), Н.Әбілтаев (Қызылорда, 57 келі), Б.Төлешов (Қызылорда, 64 келі), Н.Қырғызбек (Жамбыл облысы, 72 келі), Е.Сақтағанов (Қызылорда, 81 келі), Е.Жорабек (ОҚО, +81 келі) бірінші тұғырдан көрінді.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.