ҚҰТҚАРУШЫЛАР АРАСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Семинарға "Жастар денсаулығы" орталығынан М.Бексұлтанова, валеолог А.Алдабергенова және наркология орталығының психологы Г.Әлібекова мен облыстық "Салауатты өмір салтын қалыптастыру " ЖШС орталығының психологы А.Исамбекова қатысты.
Жасақтың бас құтқарушы – психологы Ж.Бегманова жеке құрамға семинардың бағдарламасымен таныстырып, тақырыпқа орай бейнеролик көрсетті. Семинарға келген мамандар "Күйзелістен шығу тәсілдері" тақырыбында дәріс оқыды. Сонымен қатар жеке құрамға "Реакция" ойынын ұйымдастырып, өмірдің қиын сәттерінен шығу жолын көрсете білді.
Семинар соңында келген қонақтарға мекеме қызметкерлері өз ризашылығын білдіріп, жылы лебіздерін білдірді.