ТУҒАН ЖЕР - ТУҒАН ҮЙДІҢ ТАБАЛДЫРЫҒЫНАН БАСТАЛАДЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай ұйымдастырылған «Туған жерге тағзым» акциясына қатысушылар Өңірлік коммуникациялық қызмет орталығында баспасөз мәслихатын өткізді.
Онда есімі елге танымал азаматтар бүгінгі шараның маңыздылығын атап өтіп, аймақта атқарылып жатқан бастамалар жайлы пікірлерін айтты.
Бүкіл адам бойындағы қасиеттің 75 пайызы осы алғаш өскен табалдырығынан, тыныс алып, өсіп-өнген ауылынан бастау алады. Мен 12 жасымда ауылдан ұзадым. 10 жылдай Алматыда, Мәскеуде тіпте Еуропада жүрдім. Біз баспаған жер жоқ. Уақыт өте келе, қайтадан елге келетін болдық. Аракідік туған жерге аяқ басқанда көп өзгеріске куә болам. 1993 жылы Қызылордадан сайлауға түстім, ол кезде ауылдың да, қаланың да жағдайы қиын еді. Қазір ауыл өзгеріпті, Қалада да көпқабатты үйлер көптеп салынған.
Бүгінгі өткен "Туған жерге тағзым" форумы арқасында кіндік қанымыз тамған елімізге келдік, осы елдің еңсесі биік болу үшін қолымыздан келгенді жасаймыз, – деді академик Асқар Жұмаділдаев.