ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Мемлекет басшысы мақаласындағы білім мен тәрбие бағытында ұйымдастырылған шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов ұстаздарды Тəуелсіздік мерекесімен құттықтап, оларға Астана қаласына 2 күндік саяхат жасау үшін облыстық кәсіподақ комитетінің жолдамасын табыс етті.
Білім мен тәрбиенің бастауында тұрған ұстаздар өздеріне көрсетілген құрмет үшін алғысын айтып, мұғалім мəртебесін көтерген шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.