ТӘУЕЛСІЗДІК - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КЕПІЛІ

- Жиырма алты жыл мерзім ішінде небір асқар асуларға, толайым табыстарға, әлем назарын аударарлықтай жетістіктерге ұлт көшбасшысы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жол көрсетуімен қол жеткіздік. Өркениет көшіне ілесу үшін маңызды қадамдарға үлкен тәуекелмен кірісіп, сындарлы сәттердің сынынан өттік. Егемен еліміз еншілеген әрбір мерейлі мезетте мемлекет басшысының сарабдал саясаты, берік ұстанымы жатыр. Сондықтан Тәуелсіздікке тәу етіп, оны қастерлеу, оған құрмет көрсету – әрбір қазақстандықтың борышы, Отан алдындағы қасиетті парызы,- деді Қ.Бисенов.
Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының профессоры Ұ.Жанбершиева, педагогика ғылымдарының кандидаты Т.Жайсаңбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен экономика ғылымдарының кандидаты Г.Рысмаханова, тарих ғылымдарының кандидаты С.Тайман, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен филология ғылымдарының кандидаты Ж.Майгелдиева марапатталды. Сонымен қатар А.Байтұрсынов атындағы Алтын медальге техника ғылымдарының докторы С.Қошқаров ие болды.
Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
