ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАРҒА ШАБЫТ БЕРДІ

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы және "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға қаланың белсенді жастары, облыстық, республикалық сайыстардың жеңімпаздары "Байқоңыр" жайдарманшылары қатысып, көрермендермен түрлі ойындар ойнатылды.
Өзінің шығармашылығын танытып, көрермендерді тәнті қылған мүмкіндігі шектеулі жастарға Қызылордадағы "Қолөнер" ұлттық орталығы, "ПромКоммерКА" ЖК директоры Аида Керімқұлова арнайы естелік сыйлықтар табыс етті. Бұл қолдау шығармашыл жастарға шабыт берді.