ЖАҢҒЫРУҒА ЖАСТАР ҚОСАР ҮЛЕС МОЛ

Мереке қарсаңындағы шараға ғарышты қаламен қатар Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің белсенді жастары қатысты.
Кездесуде "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық-ресурстық орталығы, "Жастар ресурстық орталығы" Байқоңыр қалалық бөлімшесінің жыл көлеміндегі атқарған іс-шаралары айтылып, жастарға деген бағдарламалар мен мемлекет тарапынан ұсынылып отырған мүмкіндіктер жайлы кеңінен айтылды.
Аймақтағы рухани жаңғыру бағытындағы шараларды жастар аясында насихаттауды күшейту бағытында ұсыныстар берілді.