ТУҒАН ЖЕРІҢ – ТІРЕГІҢ

Акцияда сөз алған Алматы онкология орталығының бас дәрігері Дамир Дәулетбаев облыстың денсаулық сақтау саласында істерге оң баға берді.
Біз бәріміз де туған жерге тілектестік танытып отырамыз. Оның әр жетістігіне қуанамыз. Осы орайда бүгінгі күні «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыруда Қызылорда көш басында тұрғанын атап өткеніміз жөн. Аймақтағы осы бастамаларға үлес қосу біздің азаматтық парызымыз. Осы мақсатта облысқа Алматы онкологиялық орталығынан мамандар жіберіп, ота жасаттық. Бұл облыста осы саладағы дәрігерлерді дайындауға сеп болады деген ойдамыз, – деді Дамир Абайділдаұлы.