ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіз мемлекет құрудың қазақстандық моделі: жетістіктері мен даму стратегиясы" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов жүргізіп отырды. Жиында ф.ғ.к О.Бермаханов, т.ғ.к., доцент С.Тайман, а.ш.ғ.д И.Таутенов, э.ғ.к М.Көшенова, с.ғ.к С.Сахиев және з.ғ.к Л.Қаржаубаева тәуелсіздік және Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттерді орындау бағытындағы баяндамаларын оқыды.
Сондай-ақ саяси ғылымдарының докторы, профессор Әбджәлел Бәкір ел Тәуелсіздігінің құндылығы мен тіл саясаты жөнінде пікірін білдіріп, ойын ортаға салды.