ҚОРҚЫТ АТА МЕМОРИАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕ АЯҚТАЛАДЫ
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кеше жұмыс сапарымен Қазалы, Қармақшы аудандарында болды. Алдымен Қазалы ауданындағы «РЗА» АҚ-ның жұмысын көрді.
Мұнда 1300-ге жуық адам қызмет етеді. Сүт өнімдерін өндіретін мекеме аймақта ғана емес, республикада алдыңғы қатарда. Компания президенті Самұрат Имандосов дәл осындай зауытты облыс орталығында да салуды ұсынды. Сонда қызылордалықтардың қажеттілігін толық өтеуге мүмкіндік болмақ.
Сондай-ақ Байқоңыр қаласындағы әйелдерге кеңес беретін 100 келушіге арналған 80 төсектік перзентхананы көпсалалы аурухана ретінде қайта бейімдеуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі аясында салынатын алаңды көрді. Қазіргі таңда Қорқыт ата мемориалында құрылыс қызу жүріп жатыр. Қайта жаңғырту жұмыстарымен «СМП-Қызылорда» ЖШС айналысуда.
Жаңа мемориалдың бұрынғыдан өзгешелігі, 2,5 метр биіктікте орналасады. Стеласы 12 метрге ұзартылады. Ал құрылысқа соңғы үлгідегі материалдар қолданылуда. Қайта жаңғырту жұмыстарына 960 млн. теңге жұмсалады. Жұмыстар қыркүйек айының ортасына дейін аяқталады.
Қырымбек Көшербаев жұмыс сапар барысында өзі берген тапсырмалардың орындалуын бағамдады. Сапаны алғашқы кезекке қою қажеттігін тағы бір ескертті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі