ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖҮЙЕ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКІЗЕДІ

Шара барысында «Travelling. Who knows more?» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Оқушылардың таным дүниесін, логикалық ой- өрісін, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ойында қатысушылар үш топқа бөлініп, 4 кезең бойынша бақ сынасты.
Мұғалімдер бір-бірімен жаңартылған білім беру мазмұны жайлы пікір алмасты. Ел тәуелсіздігі күні қарсаңында ұйымдастырылған іс-шара «Тәуелсіз елім - тірегім» атты концерттік бағдарламаға ұласты.
Шәкірттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тақпақтар айтып, көріністер қойды.
Тәуелсіз мемлекетіміздің тәуелсіздігімізден кейінгі жетістігі, ұлттық жоба латын әліпбиіне көшу туралы слайдтар көрсетіліп, монолог оқылды.