МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №7 орта мектепте Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел тәуелсіздігіне орай «Мен өз елімнің патриотымын» атты қалалық әскери патриоттық-спорттық семинар өткізілді.
Семинарға қалалық қорғаныс істер жөніндегі басқармасының өкілі Мұрат Есімов, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асылжан Жаманқұлов және БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар барысында бастауыш сынып оқушылары «Жас Ұлан» қатарына қабылданды. Сондай-ақ, мектептің 10 - 11 сынып оқушылары арасында әскери патриоттық – спорттық сайыс, 9 сынып оқушылары арасында волейбол, 5-7 сынып оқушылары арасында футбол, бастауыш сынып оқушылары арасында эстафеталық сайыстар өткізіліп, патриоттық әндер фестивалі мен жас суретшілер сайысына ұласты.
Нәтижесінде, сайысқа қатысушы командалар мектеп директоры мен қалалық қорғаныс істер жөніндегі басқармасының I, II, III орын дипломдарымен және номинациялармен марапатталды.