АУЫР АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне Арал қаласында орай ауыр атлетикадан 2004-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері Өмірзақ Жолымбетовті еске алуға арналған республикалық турнир бастау алды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттер аясында ұйымдастырылған турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Сондай-ақ, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Ө. Жолымбетовтің шәкірті Вилорий Пак лебізін білдірді. Ө.Жолымбетовтің отбасының атынан қарындасы Сұлужан Жолымбетова жарысты ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Аталмыш турнирде 13 салмақ дәрежесі бойынша Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 90 жас зілтемірші бақ сынауда.
Жарыс нәтижесі 15 желтоқсан күні белгілі болады.