КӨШПЕЛІ КІТАП КӨРМЕСІ

Еліміздің тарихи кезеңдердегі жүріп өткен жолын баян еткен көрмеде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бастамасының бағыты да кеңінен таныстырылды. Колледж студенттері «Жаңа дәуірге қадам басқан - жаңа Қазақстан», «Тәуелсіздік толғаулары», «Қасиетті желтоқсанның ызғары» атты бөлімдерге қызығушылық танытты.
Кітап көрмесінде көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі бірнеше ғасырлар сүзгісінен өткен, мемлекет шежіресінен сыр шертетін, қазақ хандығының құрылуы мен өркендеу кезеңдерінен мағлұмат беретін әдебиеттер топтастырылды.
Елбасының жастарды ата тарихын ардақтауға, елін, жерін, сүюге шақыратын толымды шығармалары мен қатар баспасөз беттерінде жарияланған материалдары да қойылды.