ТАРИХЫМЫЗДЫ ТАНИ ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ШАРА
Жиында «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда қалалық бөлімшесінің басшысы Талғат Тілес ұлт тарихының маңызды оқиғаларына тоқталып, Алаш арыстарының ел үшін атқарған еңбектері жайлы айтты.
– Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсеткендей, тарихымыздан тағылым алу міндетіміз. Осы Алаш алыптарының, зиялыларымыздың елге жасаған қызметін әрбір жас білуі тиіс,- деді ол өз сөзінде.
Конференцияда сөз алған Б. Ахметбек Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясының бастауы саналатын тарихи оқиғалар жайлы тарата айтып, ұлттық жаңғырудағы жастардың рөліне тоқталды.
Шарада студенттер тарихи тұлғалар жайлы танымдық бейнеролик көріп, конференцияға қатысушылармен еркін пікір алмасты.



















