ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДА ҰЛЫЛЫҚ ТҰНЫП ТҰР

Ашық сабақта балалар арқан тарту, асық, тоғызқұмалақ ойынынан əртүрлі топтық, жұптық тапсырмаларды орындауға атсалысты.
Мектептегі дене шынықтыру пəні мұғалімі Асхат Қаныбетов сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларға ұлттық ойындардың адамның ақыл-ойын дамытатын, бала қиялына қанат бітіретінінін жеткізді. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейтінін айтты.
