МЕН ЕЛІМНІҢ ЕРТЕҢІМІН

Семинарда №217 орта мектеп мұғалімі Ақмарал Орғараева «Көркем еңбек» жаңартылған білім мазмұндағы оқу бағдарламасы тақырыбында, №1 мектеп-гимназияның бейнелеу өнері пәнінің бірлестік жетекшісі, тренер Ақбаян Орманова «Графика және жобалау - жалпы орта білім беру деңгейінің 10 - 11 сынып оқушыларына арналған мазмұндағы оқу бағдарламасы» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ, мектеп мұғалімдері «Мәңгілік Ел» атты патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік оқу құралы, дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер арқылы қуыршақтар әзірлеу, жаңа әдістер арқылы құрылыс қалдықтарынан бұйымдар жасау, пейзаждың өркендеуі, қағаздардан көлемді гүлдер жасау және «Композиция құрастыру» атты шеберлік сыныптар көрсетті.
Семинар соңында шараға үлес қосқан мұғалімдер марапаттталды.