ҰЛАНДАР ШЫҚТЫ ЖАРЫСҚА

Жарыс барысында оқушылар «Тұлпар», «Достық» және «Барыс» командалары болып бөлініп, сайысқа түсті. Жарыстың ашылуында еліміздің осы уақытқа дейінгі жетістіктері насихатталып, жарыстың мақсат-міндеттері таныстырылды.
Эстафетаға 5-9 сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысып, 5 тур бойынша өнерлерін көрсетті.
Нәтижесінде, «Достық» командасы І орын, «Барыс» командасы ІІ орын және «Тұлпар» командасы ІІІ орын иеленіп, дипломдармен марапатталды.
