«ЖАСТАР – ТУҒАН ЖЕРГЕ» ФОРУМЫ ӨТТІ

Форумның «Жастар рухани жаңғыру жолында» тақырыбындағы І секциясында айтыскер ақын А.Рахметов, «Қызылорда облысы бойынша «Жас Отан» Қоры» корпоративтік қорының төрағасы А.Сабанбаев хабарлама жасады. Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте «Жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа бағыты» тақырыбында ІІ секция жұмыстары жүргізілді. Онда Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ж.Алдабергенов хабарлама жасап, жастарды әлеуметтік қолдау, олардың адами капиталын дамытуда мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі жобалар туралы ақпар берді. «Цифрлы Қазақстан – ХХІ ғасырдың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында мәдениет және өнерді дамыту орталығында ІІІ секция жұмыстары жүргізілді. Секция жұмыстарына ІТ маман Ф.Әбжаппаров, «Гранд Мастер» бағдарламалық мектебінің директоры А.Қуанышбаев, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Ж.Серіков қатысты.
Форум аясында жеке кәсіпкер Е.Жайлыбаевтың техникалық қызмет көрсету орталығының ашылуы өтті.
