ІЗДЕНІС ІЗСІЗ КЕТПЕЙДІ

А.Подольских Орынбор ауыл шаруашылық институтының түлегі, Краснодар қаласындағы Бүкілодақтық күріш ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқыды. Ізденгіш ғалымның будандастыру көлемін он есе ұлғайтуға мүмкіндік беретін тәжірибесі арқасында «Арал 202», «Ару», «Арал 69», «Арал 318», «Арал 4», «Арал 6» күріш сорттары өсірілді.
Александр Подольских – 150 ден астам ғылыми мақаланың және күріш селекциясының жаңа әдістерін шығарудағы патенттердің авторы. Ол жүйелі түрде селекция мәселелерімен айналысады. Күріштің жаңа сорттары: «ҚазНИИР 5», «ҚазНИИР 6» шығарушылардың бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта А.Н. Подольских жергілікті жағдайларға бейімделген, жоғарғы өнімді, астықтың жоғарғы сапасымен күріштің жаңа сорттарын өсіру бойынша белсенді зерттеу жұмыстарын жүргізуде.