ДҮЙСЕНБІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ БОРАН, ТҰМАН, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел тұрып, солтүстік аймақтарда жел соңы боранға ұласады, тек республиканың батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Ақмола, Ақтөбе облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде соңы боранға ұласады. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Қызылорда облысында да кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел ұйытқиды. Қостанай облысында да кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау облысында күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Маңғыстау облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында да кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Ал Астанада 24 қарашада қар жауып, боран соғып, оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы 26-28 градус аязды көрсетеді.