ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ҰЛЫҚТАҒАН САЙЫС

Жарыс спортшылар диагнозына орай екі категория бойынша өтті.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен түрлі дипломдар табысталды.
Тоғызқұмалақтан ҚР спорт шеберлері Кенбай Қарашаев, Бақытжан Әлиасқаров, Мәдина Нұрсейіт пен Асылхан Қосжанов турнирдің бірінші тұғырына шықты.
Бұлар осыған дейін де облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген спортшылар.
