РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЖАЛАҒАШТА «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Сонымен бірге, «Квант» ЖШС директоры Жаңабай Бекішов 5 млн теңге көлемінде қаржы бөлетіндігін айтса, Қаракеткен ауылының тумасы Болат Қуандық туған ауылына спорттық жаттығу залын салатындығын, қазіргі уақытта Ақтөбе облысында қызмет атқарып жүрген ел азаматы Сағымбай Қоңырбаев қаржылай қолдау көрсетіндігін айтты. Аққұм ауылының тумасы киносыншы, өнертану PhD докторы, өнер саласының маманы Гүлзат Көбек Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойына орай имидждік роликтер, шеберлік сыныптар өтетіндігін және ауданға 500 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсететіндігін жеткізді.
Акцияға қатысқан «Қазақ радиосы» ЖШС бас директоры Мәди Манатбек Еңбек ауылдық округі имамының және спорт мектебі ашылған жағдайда спорт жаттықтырушысының айлығын төлеп беруге дайын екендігін айтса, техника ғылымдарының докторы, профессор Нариман Жалғасұлы ауыл шаруашылығы, оның ішінде қауын-қарбыздан шығатын өнімдерді өңдейдін құрал-жабдықтарды жеткізіп беруге уәде етті.
Айтыскер ақын, «Алтын домбыраның» екі дүркін иегері Мұхтар Ниязов туған ауылында озат оқушыларға шәкіртақы тағайындап отыр. Енді ол ауыл спортын жандандыруға жәрдем беретін болды. Ал Қаракеткен ауылының тумасы, жеке кәсіпкер Алма Байділдаева ауылына 300 мың теңге көлемінде қаржы бөлетіндігін айтты.
Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Әмір Шаймағанбетов Аққыр ауылында спорттық алаң салатындығын айтса, осы ауылдан шыққан кәсіпркерлер туған жерлерін түлетуге үлес қосатындықтарын айтты.
Сонымен бірге аудан кәсіпкерлері А.Қалыбаева, А.Махатова, Б.Сейітова акция аясында 500 мың теңге көлемінде қаржы бөлді.
