БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫН ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан «Байқоңыр» автоматтандырылған газ тарату станциясына дейін газ жеткізетін бұрма-газ құбырының құрылысы басталды. Бұл «ҚазТрансГаз» АҚ-ның «Қызылорда облысының 5 елді мекенін газдандыру» инвестициялық жобасын аясында жүзеге асып отыр. Шараға ҚР Премьер-Миристрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Ибулла Сердиев қатысты.
Инвестициялық жобаға сәйкес 4 аудан орталығында (Арал, Әйтеке би, Шиелі және Жаңақорған кенттері) және Байқоңыр қаласында 5 автоматтандырылған газ тарату станциясы және ауыл-қалаішілік газ құбырлары желілері салынатын болады. Жобаның жалпы құны 23 млрд. теңге.
Шамамен 1439 шақырым газ құбыры тартылып, 81 бірлік газ тарату пунктін, 258 шкафты пункт салу жоспарланып отыр. Нәтижесінде өңір халқының 190 мыңнан астамы көгілдір отынмен қамтылады. Қалаішілік, кентішілік және көше газ құбырларын салу жобасын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жүзеге асырады.
Бұл жоба облысты газдандыру деңгейін арттыруға, жақын жердегі кенттерді одан әрі газдандыру үшін қажетті инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өңірдің инвестициялық тартымдылығы және газдандырылатын қалалар мен елді мекендердің әлеуметтік – экономикалық әлеуеті артады, ең бастысы тұрғындарының өмір сүру сапасы жақсарады. Жобаны жүзеге асыру барысында газ желісі өтетін елді мекендерден 500-ге тарта жергілікті жұмысшы тобы тартылады.
Айта кетейік, жоба аясында Арал, Әйтеке би, Шиелі және Жаңақорған кенттерін газдандыру жұмыстары келер жылы басталатын болады.