РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ:МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БАЙҚАУЫ

Мұғалімдер алдымен тест тапсырып, сонан соң үздік шеберлік сабақ сатыларында білім-білігін дәлелдеді. Соңғы кезеңде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың өзіндік жаңа ізденістерін TEDx әдісінде қорғап шықты. Тағылымды шараға Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы арқау болған.
- Жыл сайын республикалық олимпиадада біздің оқушыларымыз ағылшын тілінен алдыңғы орында келе жатыр. Енді бұл заман талабы деп білеміз. Осы мемлекеттік стандартқа сәйкес, біз оқушыларымыздың тіл меңгеруін ұштай береміз, – дейді №2 «Мұрагер» мектебі директорының орынбасары Айгүл Өткелбаева.
