ҚАЗАЛЫДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНДЕ 18 ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болып, тұрғын үй құрылысымен танысты. 18 пәтерлі тұрғын үй апатты жағдайда тұрған баспананың орнына салынды. Тұрғындар тәуелсіздік күнімен қатар қоныс тойын тойлайды.
Бұл нысан облыстық бюджеттен қаржыландырылып отыр. Қазір құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. Бұған қоса, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында 12 пәтерлі үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.