«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА!

Кітап әлемін насихаттау және кітап қорын заманауи басылымдармен толықтыруды мақсат тұтқан шараға республикаға танымал суретші Қ.Зәкіров, №7 арнайы түзету мектеп-интернатының мұғалімі Г.Әлиева, №1 емхана медбикесі И.Ахметовалар өз сөрелерінен кітапханаға кітаптар сыйлады. Шара соңы Қазақ соқырлар қоғамының клуб үйі қызметкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Кітапхана директоры Нұрлан Бақтияров қайырымдылық акциясына белсене қатысып, кітапханаға кітап сыйлаған қонақтарға алғысын білдірді.
З. БИСЕНОВА,
Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға
арналған арнаулы кітапханасының кітапханашысы.